Главная Новости ҚТЖ-да заманауи маман даярлау тетіктері пысықталды
24 қаңтар 2022, 13:30 1743

ҚТЖ-да заманауи маман даярлау тетіктері пысықталды

ҚТЖ-да заманауи маман даярлау тетіктері пысықталды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кадр саясатының 2021 жылғы жұмысы қорытындыланды. Жиынға басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және НR жөніндегі орынбасары Серік Кеулімжаев төрағалық етті. Отырыста компанияның кадр саясатына қатысты 10 тақырып аясында баяндамалар тыңдалды.

Отырыста HR Бизнес-әріптестік, еңбек өнімділігі, персонал іздеу және іріктеу, персоналды оқыту және дамыту, қызметкерлер қызметін бағалау, еңбекақы және әлеуметтік төлемдер, кадрлық әкімшіліктендіру, әлеуметтік тұрақтылық, корпоративтік мәдениет, ішкі коммуникациялар, еңбекті нормалау мәселелері жеке-жеке қарастырылды. Компанияда былтыр еңбек өнімділігі 10 пайыз артқан, коронавирусқа қарсы екпені теміржолшылардың 95 пайызы алған, әкімшілік персонал 15 пайызға қысқарған, 8021 адам түрлі кәсіби дамыту және тұлғалық-іскерлік құзыреттілікті дамыту бағдарламалары бойынша білім алған, 3000 қызметкер Игілік (Благо) даму бағдарламасына тартылған. 24 адам ішкі тренер сертификатына ие болған.

450 адам «Topzhargan: жаңа күш» даму бағдарламасы аясында оқытылған. 803 теміржолшы аттестациядан өткен. 393 маман кадрлық резервке енгізілген, соның ішінде 63-і ротация алған. Сонымен қатар былтыр компания қызметкерлерінің жалақысы бір жылда 2 рет өсті. 894 адам зейнетке ерте шығу бағдарламасын пайдаланған. 30 қызметкерге «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі берілген. Осы және өзге де жетістіктер туралы компанияның персоналды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, Адами ресурстарды басқару департаментінің НR бизнес серіктесі Ақмарал Байғабылова және басқа да жауапты мамандар баяндады.

"Жасалып жатқан жұмыстардың бәрі әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған. Себебі бізде жалақы кадр тұрақтылығын ұстауда айтарлықтай үлкен емес. Сондықтан қызметкерді жұмысқа ынталандыратындай әлеуметтік орта қалыптастыруымыз керек. Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі желілік басшылық қызметтегілер сондай ахуалды жасай алмай отыр. Оның ішінде өз қарамағындағы қызметкерге дөрекі сөйлеу, жұмыс жағдайын жасамау бойынша анықталған мысалдар көп. Қазіргі өткізіліп жатқан оқыту тренингтері мен жобалары, бағдарламаларының бәрі сол басшылық пен қызметкерлердің корпоративтік мәдениетін көтеруді көздейді", – деді Сәуле Кеулімжаев.

Биыл 10 ақпанда барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша жұмыс қорытындысын тыңдау мақсатында тағы да басқосу өткізіледі деп күтілуде.

"Ол кезде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни нақты жұмысшылар саны, орташа еңбек жалақысы, еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, биыл қызметкерлерді оңтайландыру жоспарлары, әлеуметтік тұрақтылықты бақылау жұмыстары, НR функциялардың әрі қарай дамуы, өнімділікті бағалау, таланттарды басқару және тағы да басқа мәселелер көтеріледі", – деді Ақмарал Байғабылова.

Райхан Рахметова

Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: