Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен оның филиалдарында және желілік кәсіпорындарда кең ауқымда аталып өтті. Экология күні шеңберінде «Жер гүлдермен көрікті» акциясы өткізілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясына қарасты Жол және құрылыстар, Автоматика, телемеханика және телекоммуникация, Электрлендіру және энергетика, Материалдық база департаменттерінің бөлмелерінде «Земля улыбается цветами» – «Жер гүлдермен көрікті» акциясына орай аншлагтар ілінді.
Кеңседе қолайлы және жайлы атмосфера қалыптастыру, сондай-ақ компьютерлерден, принтерлерден шығатын электромагниттік сәулеленуден қорғау үшін және қызметкерлердің күнделікті жұмысынан бір мезгіл көңілін ауытқыту үшін гүл отырғызу, гүлдердің топырағын ауыстыру, жердің құнарлылығы мен қасиеттерін жақсарту, өсімдіктерді агрессивті тікелей сәулелерден қорғау, өсімдіктерді тыңайтқыштармен қоректендіру іс-шаралары жүргізілді.

– Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін өткізу туралы арнайы бұйрықтар шығарылды. Теміржол кәсіпорындары қызметкерлерімен қоршаған ортаны қорғау тақырыбына қатысты жиналыстар өткізіліп, осы күннің мақсат-міндеті, маңызы талқыланды. Сонымен қатар аншлагтар ілініп, атмосфераға ластаушы заттар және парниктік газдар шығарындыларын азайту, өндіріс қалдықтарын азайту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ осы атаулы күні барлық құрылымдық бөлімшелерде сенбіліктер өткізіліп, өндірістік және қызметтік ғимараттардың аумағына көшет бұталары отырғызылды. Жауапты қызметкерлермен атмосфералық ауаны қорғауға, атап айтқанда кәсіпорындағы автокөліктен шығатын зиянды шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кәсіпорындағы су ресурстарын ұтымды пайдалануға қатысты кеңес өткізілді. Әрбір кәсіпорында цехтар мен шеберханаларда қоршаған ортаны қорғау жағдайына тексеру жүргізіліп, әрбір жауапты адамға Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне қатысқаны үшін алғыс жарияланды, – дейді Магистральдық желі дирекциясының Еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Айгүл Ерімбетова.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
80
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы