Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары аясында "ҚТЖ "ҰК" АҚ, PSA, KPMC Ltd және G-trans Service арасында одан әрі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
ҚТЖ және PSA Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі стратегиялық әріптестікті жалғастырады, оның шеңберінде ТХКБ-ны дамыту үшін KPMC Ltd бірлескен кәсіпорны құрылды. Сондай-ақ, PSA тобының құрамына кіретін Global DTC Pte Ltd компаниясымен бірлесіп, тасымалдау құжаттарының жіксіз алмасуын қамтамасыз ететін және Қазақстанды халықаралық жүк жөнелтушілер үшін тартымды ететін цифрлық көлік дәлізі әзірленді.
Қол қойылған құжат ҚТЖ мен PSA өзара іс-қимылын кеңейтуге бағытталған. Тараптар Қытайда жұмыс істейтін екі компанияның да активтерінің синергиясы есебінен Қазақстан арқылы жүк транзитінің көлемін ұлғайту бойынша күш біріктіруге уағдаласты. Бүгінгі таңда ҚТЖ Қытайда Сиань қаласының құрғақ портында және Ляньюньган қаласының теңіз портында теміржол терминалдарымен жұмыс істейді. PSA компаниялар тобының активтеріне 6 порттағы теңіз терминалдары, 13 қаладағы теміржол терминалдары кіреді.
Меморандум сондай-ақ "Алматы агломерациясындағы индустриялық және көлік хабы"жобасы шеңберінде Жетіген станциясындағы теміржол терминалын дамытуды көздейді. Жобаны іске асыру мүмкіндігін KPMC Ltd және G-trans Service қазақстандық көлік-логистикалық компаниясы зерттейді.
Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты атап өтіп, «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестікті мысалға келтірді.
– Аталған бағыт Еуразия кеңістігіндегі ынтымақтастықты мүлдем жаңа деңгейге шығара алады. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға шығатын ең төте әрі орнықты жол. Сингапур компаниялары мен қаржы институттары бұл саладағы бизнес пен инвестицияның мүмкіндіктерін зерттеп, айтарлықтай пайдаға кенеле алады деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
95
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
101
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона