Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Digital Bridge - Digital Era Lifestyle халықаралық технологиялық форумы аясында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ трансформациялау және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары Әнуар Ахметжановтың басшылығымен Open Talks көрсетілімі болды. Онда қазақстандық жетекші IT-компаниялар жаңа жобаларды таныстырды.
Мысалы, «Automatic system» компаниялар тобы пойыздарды профильдеу, платформадағы қауіпсіздік және теміржол өткелдеріндегі соқтығысудың алдын алу жүйелерін ұсынды. Сөз қозғалыстағы пойыздарды анықтау, пойыз компоненттерін тексерудің жаңа тәсілдері және теміржолдарды тексеру жөнінде болды.
Azimut Labs компаниясы «Омникалды цифрлық арналар: бірыңғай супер-қосымшасы және веб-портал» жобасын таныстырды. Бұл жерде ККЖ АБЖ ағымдағы ақпараттық жүйелері реинжинирингінің өзектілігі және ЭЦҚ-мен қағазсыз шарт жасасуды енгізу атап өтілді.
KazDreamTechnologies өкілі кейіннен экожүйеге, саралауға және dashboard («индикаторлар панелі») құруға оралатын жүк және жолаушылар тасымалдарына арналған микросервистерді көрсетті.
«Көркем Телеком» компаниясы темір жол өткелдерін камералармен, фото-видео тіркеумен жабдықтау туралы айтып берді. «PrimeSource» компаниясы бірнеше жобаны дайындады. Олар – «ҚТЖ Жалпы қызмет көрсету орталығы», «ҚТЖ Business» және «Цифрлық комплаенс».
«Ашық диалог» форматы теміржолдардың жұмыс істеуі саласындағы IT-дағы өзекті мәселелерді талқылауға және ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді.