Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық Қазына» АҚ портфельді компанияларының энергетика саласындағы мамандары өзара тәжірибе алмасуда. Жуырда өткен тәжірибе алмасу шарасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары да қатысты.
Жас мамандар «Эйр Астана» АҚ оқу орталығы мен «Алматы электр желілері» АҚ гидроэлектр станциясында болды. Олардың қатарында «Самұрық Қазына» компаниялар тобына енетін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан екі жас маман болды. Олар – Балқаш электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Нұрсұлтан Бурлинов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы орталығының Алматы бөлімшесі бойынша электр механигі Қадыр Қамидолла. Екеуі де «ҚТЖ 100 жас есім» жобасының 1 және 2-легінің қатысушылары. Айта кетейік, аталған іс-шара қордың жастар саясатын дамыту мақсатында өткізіліп отыр.
– Бұл танымдық және тәжірибе алмасу экскурсиясына «Самұрық Қазына» АҚ портфельді компаниясына қарасты кәсіпорындардан 35 жасқа дейінгі жас мамандар шақырылып отыр. Біз алдымен Алматы қаласында орналасқан «Эйр Астана» компаниясының оқу орталығына барып, жұмыс процесімен таныстық. Жаңа және заманауи ғимараттар салынған екен, соларды аралап көрдік. Борт жолсеріктерін оқуға дайындау, оларды іріктеу тәртібін көрдік. Құтқару қызметі қалай жүзеге асырылады, механиктерді қалай оқытады, ол туралы да жан-жақты ақпарат берілді. Одан әрі Қапшағай қаласындағы гидроэлектр станциясында да болдық. Ол жақта электр энергиясы қалай өндірілетініне куә болдық. Іс-шара барысында көріп, білгендеріміз көп, алдағы уақытта жұмысымызда септігі тиері сөзсіз, – дейді Қадыр Қамидолла.
Райхан Рахметова
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
218
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи