Главная Новости ҚТЖ жол монтерлеріне мың гидравликалық домкрат жеткізілді
11 тамыз 2023, 11:35 1425

ҚТЖ жол монтерлеріне мың гидравликалық домкрат жеткізілді

ҚТЖ жол монтерлеріне мың гидравликалық домкрат жеткізілді

Осы жылдың соңына дейін гидравликалық домкраттардың тағы бір партиясын – 365 бірлікті сатып алу жоспарлануда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жол жұмыстарының барлық жерде механикаландырылғанына қарамастан, рельсті шпал торын және бағыттамалық бұрмаларды көтеру кезінде әлі де қажет және тиімді болып қала беретін жол құралының бір түрі.  

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жылжымалы құрам және механикаландыру департаментінің директоры Андрей Шаповаловтың айтуынша, гидравликалық домкрат жұмыс істеуге ыңғайлы, сенімді және сонымен бірге құрылымы жағынан салыстырмалы түрде қарапайым.  

- Гидравликалық домкраттың жұмыс денесі минералды май болып табылады. Жоғары қысымды гидравликалық механизмдердің конструкцияларындағы май механизмнің салыстырмалы түрдегі  ықшамды өлшемдерінде жүздеген есе күшке ие болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол тасымалдауға өте ыңғайлы, - деді ол.

Келіп түскен жаңа домкраттар қазақстандық зауыттарда өндірілді. Оларды жол монтерлері жақсы бағалап отыр.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: