Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да жолаушылардың билетсіз өтуіне және теміржол көлігімен ресімделмеген жүк багажын («көмекшілер», «отырғызушылар») тасымалдауға жәрдемдесетін делдалдардың заңсыз қызметінің жолын кесу мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Rail-News.kz.
Іс-шара Бас көлік прокуратурасымен, ҚР ИИДМ Көлік комитетімен, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік қызметімен, «Адал жол» жобалық кеңсесімен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша «көмекшілердің» қызметін жою бойынша бірқатар шешімдер әзірленді. Атап айтқанда, жолаушыларда жол жүру құжаттарының болуын бақылау күшейтіліп, пойыздарда тексерулер саны артады.
Көлік полициясы нарядтарының сүйемелдеуімен жүретін пойыздар санын барынша көбейтеді. Теміржол вокзалдарында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасады, бұл жолаушыларға қауіпсіздіктің қосымша деңгейін береді.
Жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары үшінші тұлғаларға билетсіз жол жүруге және ресімделмеген багажды тасымалдауға заңсыз көмек көрсеткені үшін жауапкершілікті қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 623-бабында жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін жауапкершілік нормасы қарастырылған:
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстанда билеттерді қайта сатқаны үшін айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін (265 мыңнан 1,3 млн теңгеге дейін) құрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
171
30 марта 16:51
Павлодарская железнодорожница открыла современную арт-выставку «Құрақ үні»