Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.
Ісшара барысында жолаушылар мен шығарып салушылар үшін қазақ халқының мәдениетінің басты символы-домбырада музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен «бауырсақ» ұсынылды.

«Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған», - деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.

Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Компанияның жолсеріктері мен қызметкерлері пойыздардың ішінде және перрондарда барлық жолаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтайды!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
59
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
73
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды