Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Инвестициялық бағдарлама шеңберінде ҚТЖ-ның еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив паркін жоспарлы жаңартуды жүргізуде.
2023 жылдың басынан бастап 86 заманауи локомотив сатып алынды. Оның ішінде ТЭ33АС сериялы 55 тепловоз, 2ТЭ25КМ сериялы 14 тепловоз және KZ8А сериялы 17 электровоз бар.
Жыл соңына дейін парк тағы 52 локомотивпен толықтырылады. 2029 жылға дейін 218 локомотив, оның ішінде ТЭ33АС сериялы 75 магистральдық тепловоз, KZ8А сериялы 130 электровоз және ТЭМ11А сериялы 13 маневрлік тепловоз сатып алынады.
Қазіргі заманғы локомотивтер Астана қаласындағы зауыттарда құрастырылады. Бұл ауыр жүк пойыздарымен жүк тасымалдауды жандандыруға қабілетті сенімді техника. Қазірдің өзінде заманауи локомотивтер Қандыағаш – Тобыл, Тобыл – Астана, Астана – Павлодар және басқа да учаскелерде салмағы 6 мың тоннадан асатын пойыздарды тартуда.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық жүк тасымалдаушы паркінде 1,6 мыңнан астам локомотив бар. Жылжымалы құрамның бұл мөлшері жоспарланған жүк көлемін тасымалдау үшін жеткілікті.
Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде ҚТЖ қытайлық «CRRC Corporation Limited» корпорациясымен ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, ол бойынша 200 маневрлік және магистральдық локомотив сатып алынып, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтары мен инжинирингтік орталық ұйымдастырылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
84
30 марта 16:51
Павлодарская железнодорожница открыла современную арт-выставку «Құрақ үні»
157
26 марта 18:50
ҚР Премьер-министрі «Түркістан БГҚ» құрылысының барысымен танысты
158
26 марта 16:52
Спартакиада АлЭС: энергия команды в ритме Наурыза