Главная Новости ҚТЖ Қазақстандағы ең ұзақ Маңғыстау – Семей бағытындағы пойыз вагондарын жаңартты
10 ноября 2026, 10:24 25

ҚТЖ Қазақстандағы ең ұзақ Маңғыстау – Семей бағытындағы пойыз вагондарын жаңартты

ҚТЖ Қазақстандағы ең ұзақ Маңғыстау – Семей бағытындағы пойыз вагондарын жаңартты

Қазақстандағы ең ұзақ теміржол бағыты – №37/38 «Маңғыстау – Семей» пойызы отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа жолаушылар вагондарымен жаңартылды.

▶️Батыс өңіріне барлығы 70-тен астам жаңа вагон жеткізілді. Сондай-ақ №109/110 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызының құрамы да осы вагондармен жаңартылды.

▶️Жолаушылар вагондары паркін жаңарту – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теміржол саласындағы стратегиялық маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында вагон паркін кезең-кезеңімен жаңартып келеді.

 

▶️Жаңартылған №37/38 «Маңғыстау – Семей» пойызы 9 вагоннан тұрады. Оның төртеуі – купелі, төртеуі – плацкарт, біреуі – вагон-мейрамхана. 2025–2026 жылдары отандық зауытта шығарылған жаңа вагондардан жасақталған пойызда 331 жолаушыға арналған орын бар.

▶️Жаңа вагондар қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына сай жасалған әрі электр қуатын үнемді тұтынады. Ішкі жабдықтары ұзақ уақыт пайдалануға төзімді материалдардан әзірленген. Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондарда ауа температурасын реттеу және ауаны залалсыздандыру жүйелері, ыңғайлы жатын орындар, USB қуаттау порттары, 220 В электр розеткалары, Wi-Fi желісі мен биодәретханалар орнатылған. Сондай-ақ вагондардың жылу оқшаулау сапасы жақсартылған.

▶️Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелері қарастырылған. Орталықтандырылған ауа баптау жүйесі вагон ішіндегі температураны жыл бойы бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, вагондар дыбыстық хабарлау жүйесімен, шығу есіктерін көрсететін жарық белгілерімен, нәресте жөргектеуге арналған үстелдермен және жеке сейфтермен жабдықталған. Ішкі әрлеуде аллергия тудырмайтын материалдар пайдаланылған.

▶️Пойыз билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне хабарласып білуге болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: