Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да алдағы көктемгі су тасқыны кезеңінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және теміржол инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды. Компанияда жолдардың шайылып кетуінің алдын алуға және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспары бекітілді.
2026 жылдың көктемгі кезеңіне дайындық аясында теміржолшылар магистральдық желі бойынша жұмыстар кешені: көпірлерді, су өткізгіш құбырлар мен кюветтерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту жүргізілуде. Су басу қаупі жоғары аймақтарға ерекше назар аударылады. Темір жолы төсеміне еріген сулардың әсерін азайту үшін жер үйінділерін нығайту және бұру арналары жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Таулы және солтүстік өңірлерде (Защитинский, Атбасар, Есіл, Екібастұз учаскелері) қар массаларының бақылаусыз түсуін және өзендерде мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау үшін бұрғылау-жару жұмыстары жоспарлануда. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін және темір жолдарға жақын орналасқан су айдындарындағы су деңгейін бақылау күшейтілді.
Локомотив бригадаларына қауіп-қатер анықталған кезде дереу хабарлау қажеттілігі туралы нұсқау берілді. Көктемгі су тасқыны қаупі жоғары 5 өңір қалып отыр. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облысы – жоғары тәуекел аймағында. Орташа тәуекел аймағында Ұлытау, Жетісу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары. Магистральдық желі бойында ерекше назар аударылатын 670 астам ықтимал қауіпті орындар бар.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!