Главная Новости ҚТЖ командасы – көш басында
29 қараша 2022, 11:00 1103

ҚТЖ командасы – көш басында

ҚТЖ командасы – көш басында

Атырауда Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан толықтай тазарту мақсатында «Жүгіре жүріп қоқыс жина», «PLOGGING» экологиялық акциясы өтті.

Акцияға өңірдегі ҚТЖ, «Ембімұнайгаз», облыстық экология департаменті, құқық және заң колледжі командалары қатысып, өзара сайысты. Темір жолдан Атырау жүк тасымалы бөлімшесі аппараты мен локомотив пайдалану депосынан барлығы 20 адам қатысты.

Сайыс шарты бойынша қоқыстарды жинай жүріп белгілі бір қашықтыққа жүгіру керек. Сайыс барысында қоқысты ең көп жинаған және діттеген жерге бірінші жеткен ҚТЖ командасы болды. Олар 50-ге жуық қапшыққа қоқыс жинап, бәрінен алға озды. Нәтижесінде бірінші орынды иеленіп, ұйымдастырушылар белгілеген 50 мың теңге жүлдені ұтып алды.

Сөйтіп, Жайық өзені бойын қоқыстан тазартып, экологиялық жағдайдың жақсаруына өз үлестерін қосты.  

Қосұйым Мұқашев

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: