Главная Новости ҚТЖ көмір тасу жоспарын 102 пайыз орындады
11 қараша 2022, 15:30 1174

ҚТЖ көмір тасу жоспарын 102 пайыз орындады

ҚТЖ көмір тасу жоспарын 102 пайыз орындады

Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері (2022 жылғы 1 мамырдан 1 қарашаға дейін) ел тұтынушылары үшін теміржол көлігімен шамамен 35 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл тиеу жоспарының 102%-ға орындалғанын көрсетеді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Оның ішінде еліміздің жылу электр орталықтарына 29,8 млн тонна жеткізілді, жоспар 101% орындалды. Тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 5,1 млн тонна тиелді. Бұл ретте тиеу жоспары 108% орындалды.

Қатты отынды тасымалдау үшін «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ – «Қазтеміртранс» АҚ еншілес кәсіпорны паркінің 17,3 мың жартылай вагоны жұмылдырылды, оның ішінде 8,7 мыңнан астамы қатты отынды жылу электр орталықтары үшін, ал 8,6 мыңнан астамы тұтынушылар үшін жеткізеді.

Көмір разрезі өкілдерінің қатысуымен ҚТЖ штабы Қазақстан бойынша көмір тасымалдауды үйлестіреді. Барлық туындаған мәселелер жедел түрде шешіледі.  

Өңірлерде жүк жөнелтушілерді вагондармен уақтылы қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша шаралар қабылдануда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: