Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қостанай қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері өңірдің жүк жөнелтушілерімен кездесу өткізді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Н. Келбұғановтың төрағалығымен биылғы егінді жинау қарсаңында астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
2023 жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 6,7 млн. тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 30%артық. ҚХР-ға астықты контейнерлермен тасымалдау 2,5 есе өсті.
Қостанай бөлімшесі бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жарты жылда 3,5 есе көп контейнер тиелген.
Компания жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде орындау үшін барынша күш салады. Астық жүктерін тасымалдауды үйлестіру жөніндегі штаб жұмыс істеп, мемлекеттік құрылымдар мен астық компанияларының қатысуымен тұрақты кеңестер өткізіледі.
500 астам клиент қатысатын жедел штабтың және жүк жөнелтушілермен жалпы чаттың жұмысы арқасында ағымдағы жыл ішінде айына 1 млн тонна деңгейінде біркелкі тиеуге қол жеткізілді.
Жүк жөнелтушілер тасымалдарды жоспарлау кезіндегі іс-қимылдардың келісілуіне назар аударды, сондай-ақ бос вагондарды адрестеу жүйесін енгізу бөлігінде ҚТЖ ұсыныстарын өздерінің берілген өтінімінің көлеміне тең мөлшерде қолдады.
Өңірде тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ Қостанай станциясының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін іс-шараларды іске асырады. Қосымша 7 станциялық жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
Жүк жөнелтушілер кездесудің сындарлы сипатын атап өтіп, теміржолшылармен диалогқа риза екендіктерін білдірді. Көтерілген проблемалық мәселелер сол жерде шешімін тапты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!