Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2026 жылғы қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 1,45 млн тонна астық тасымалдады. Бұл қыркүйек айындағы астықты тиеудің ең үлкен көлемі және өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда 7% көп.
Экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнетіліп, өсім 13% құрады. Негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 701 мың тонна (+8%), оның ішінде Өзбекстанға 512 мың тоннасы (+14%) жөнелтілді. Ауғанстанға тасымалдау 3,4 есеге, 107 мың тоннаға дейін, Қытайға тасымалдау 2,8 есеге, 188 мың тоннаға дейін өсті. Қыркүйек айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау 274 мың тоннаны (+13%) құрады, оның ішінде экспортқа – 230 мың тонна (+27%).
2026 жылдың тоғыз айында темір жол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Экспортқа 8,4 млн тонна (+14%) бағытталды.
289
16 ноября 12:35
80 мыңға жуық қазақстандыққа темір жолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді