Главная Новости ҚТЖ: құрылыс материалдарын тасымалдауға вагондар жеткілікті
19 шілде 2021, 16:14 715

ҚТЖ: құрылыс материалдарын тасымалдауға вагондар жеткілікті

ҚТЖ: құрылыс материалдарын тасымалдауға вагондар жеткілікті

Цемент және өзге де құрылыс керек-жарағын жөнелтушілердің  проблемалары жіті бақылауға алынды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де онлайн-режимде өткен кеңесте осы мәселе көтерілді. Атқарушы директор Нұржан Келбұғанов төрағалық еткен жиынға мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, құрылыс жүгін жөнелтумен айналысатын компаниялар қатысты.

Биылғы бірінші жартыжылдықта цемент тиеу 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% көбейіп, 4,3 млн тоннаға жетті. Қазақстан бойынша 3,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның  830 мың тоннадан астамы елордаға жеткізілді. Бұл көрсеткіш былтырғы 6 айда тасымал көлеміне қарағанда 43%  артты. Биылғы қаңтар-маусым айларында 7 млн тоннадан астам құрылыс жүктері тиелген. Оның басым бөлігі, яғни 6,8 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды.

«Цемент және басқа да құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша барлық өтініштер толықтай қамтамасыз етілуде. Вагон тапшылығы жоқ, бірақ бұл ретте қолданыстағы паркпен тиімді әрі ұтымды жұмыс істеу қажет», – деді Нұржан Келбұғанов.

Қазіргі уақытта ҚР магистральдық желісінде 65 мыңнан астам ашық вагон бар, оның 23 мыңнан астамы «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде. Қалғаны  жеке операторлар мен көрші мемлекеттерге тиесілі. Құрылыс жүктерін тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ паркі: 10 мыңнан астам ашық вагон, 7,3 мыңнан астам жабық вагон, 72 платформа жұмылдырды. Қазақстан аумағында 4,5 мыңнан астам хоппер-цемент тасығыш бар, олар негізінен жекенің қолында. Тек 668 цемент тасығыш «Қазтеміртранс» АҚ балансында.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да жүк тиелген және бос вагондардың  жүріп-тұруына тәулік бойғы бақылау орнатылған. Құрылыс заттарын  қабылдап алушылардың жүктерді дер кезінде түсіріп алмауынан станциялық және кірме жолдарда көлік жиі тұрып қалатын болды. Сондықтан атқарушы директор жүк операцияларындағы технологиялық нормаларды сақтау керектігін ескертті. Цемент және жалпы құрылыс жүктерін тасымалдау бойынша мәселелерді жедел шешу үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мессенджерде чат жұмыс істейді, оған ірі цемент зауыттарының өкілдері, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар кіреді. 

Кеңес барысында шалғай станцияларда жүк тиелген вагондармен жұмыс істеу үшін маневрлік локомотив беру мәселесі шешімін тапты. Цемент, силикат кірпіші бар вагондардың ұзақ уақыт тұрып қалу фактілері ерекше бақылауға алынды.

Онлайн-кеңесті қорытындылай келе, Нұржан Келбұғанов осындай кең форматтағы кездесулер тұрақты болатынын атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: