Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ делегациясы Бейжіңде өткен Халықаралық темір жолдар одағының (ХТЖО) XII конгресі шеңберінде халықаралық әріптестермен стратегиялық келіссөздерге қатысты.
Теміржол техникасын өндірудегі әлемдік көшбасшы - CRRC қытайлық корпорация басшылығымен келіссөздер өтті. Жылжымалы құрамды жеткізуді, инновациялық шешімдерді енгізуді және Қазақстанда өндірісті локализациялау мүмкіндігін қоса алғанда, ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ China Communications Construction Company (CCCC) Директорлар кеңесінің төрағасы Сун Хайлян мырзамен жұмыс кездесуі өтті. Транскаспий бағдарын дамыту шеңберінде Бақты - Аягөз теміржол желісін салуды қоса алғанда, ауқымды көліктік – инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылды кеңейту талқыланды. Логистика мен инфрақұрылымды жаңғыртуды қоса алғанда, бірқатар бағыттар бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Әзірбайжан темір жолдары басшылығымен кездесу өтті. Транскаспий бағытын дамытуға және елдер арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайтуға басты назар аударылды. Сапардың маңызды нәтижесі ҚТЖ мен Қытай темір жолдары арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Жаңа келісім алдыңғы 2014 жылы жасалған келісімнің орнын басты және екі елдің көлік кооперациясы саласындағы ағымдағы басымдықтарын көрсетеді.
ҚТЖ делегациясы цифрландыру, автоматтандыру және тұрақты логистика саласындағы заманауи шешімдер ұсынылған технологиялық көрмемен танысты. ҚТЖ инновацияларды енгізуді және Қазақстанның Еуразияның негізгі транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын нығайту арқылы халықаралық өзара іс-қимылын күшейтуді жалғастыруда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы