Главная Новости ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды
09 декабря 2025, 12:49 39

ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды

ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды

Астанада Халықаралық еріктілер күні аталып өтті. Бұл күні республикалық марапаттау рәсімі, «Ізгі істер марафоны» байқауының қорытындылары және «Жыл волонтёрі» сыйлығының табысталуы өтті.

Шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еліміздегі ең белсенді волонтерлік ұжым ретінде танылып, Қазақстанның барлық өңірлерінде көпжылдық, жүйелі және ауқымды қайырымдылық жұмысы үшін марапатталды.

Сол күні Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Тұрақты даму жолындағы Халықаралық волонтёрлер жылының ресми ашылуы жарияланды.

Биылғы көрсеткіштер:

  • 40 000-нан астам қатысушы;
  • 9 000-нан көп ізгі бастама;
  • Қазақстан мен серіктес елдерден 50 лауреат.

Жеңімпаздар қатарында теміржол саласының екі өкілі бар:

Қамбар Хасенов, электровоз машинисінің көмекшісі (Қарағанды) — корпоративтік волонтёрліктің лидері атанды. Ол балалар мен қарттарға көмек көрсетеді, экологиялық акцияларға қатысады, «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайды және теміржолшылар әулетінің ізін жалғастырып келеді.

Совет Бекжан, тарту қосалқы станциясының аға электромеханигі — 70 балаға, соның ішінде 20 қызға арналған тегін футбол секциясын құрған. Бүгінде жас спортшылар Испания клубтарының іріктеу турларына қатысып жатыр — бұл өңір үшін зор мақтаныш!

ҚТЖ еріктілерінің атқарып жүрген жұмыстары ел ішінде қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: