Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы шілде – тамыз және қыркүйек айының 14 күні аралығында еліміздің құрғақшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 413 вагон сығымдалған шөп жеткізді.
Оның ішінде шілдеде -167 вагон, тамызда – 202 және қыркүйектің екі аптасында – 44 вагон. Қыркүйек айында барлығы 176 вагон жоспарлануда.
Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа да станциялардан жөнелтіледі. Тағайындау станциялары-Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалар. Шөптің негізгі бөлігі "Қазтеміртранс"АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі.