Главная Новости ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
02 шілде 2024, 17:25 227

ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді

ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары кезінде CRRC-пен 2023 жылғы 17 қазанда қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Алтынкөл станциясында мерзімінен бұрын қабылдап алынған алғашқы маневрлік тепловоздарды қабылдаудың ресми рәсімі болып өтті. 

Келісім шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив жеткізіліп, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ашу және инжинирингтік орталық құру жоспарлануда.

Маневрлік тепловоздар жақсартылған құрылымдық және тарту параметрлеріне ие. Олар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған және — 40 °C-тан +50°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады . Салмағы 135 тонна. Дизель-генератор қондырғысы ҚР-да қабылданған экологиялық  стандарттарға сәйкес келеді.

Қазақстан темір жолдары мен СRRC қытайлық корпорацияның ынтымақтастық тарихы 20 жылдан асады. Бүгін қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жаңа буын гибридті локомотивінің жобалануы  аяқталуда және де 2025 жылы оның өндірісі қолға алынады деп күтілуде.

CRRC Corporation Limited – әлемдегі ең ірі теміржол көлігі өндірушісі, ол әлемдік локомотив өндірісі нарығының шамамен 50% иеленеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: