Главная Новости ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
04 шілде 2024, 16:24 311

ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында ҚТЖ басшылығы мен ҚХР Көлік министрлігінің кездесуі өтті.

Тараптар өзара пікір алмасып, көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, халықаралық көлік дәліздерінің перспективаларын талқылады.  

Кездесуде екі ел арасындағы теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқыны атап өтілді. Арғы жылдармен салыстырғанда өткен жылғы рекордтық өсім 22% жетті (28 млн тоннадан астам). Осы жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 12,4% өсті, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1 млн тоннаға, яғни 5,7 млн тоннаға дейін барды.  

Сондай-ақ, екі ел темір жолдарында шекаралық теміржол станцияларын жаңарту мен жақындату арқылы өткізу қабілетін арттыру үшін атқарылған үлкен жұмыстар атап өтілді.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдіріп, Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-дан Еуропаға теміржол көлік дәліздерін одан әрі дамыту туралы уағдаласты.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: