Главная Новости ҚТЖ мен РЖД мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісімге қол қойды
13 ноября 2025, 11:30 176

ҚТЖ мен РЖД мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісімге қол қойды

ҚТЖ мен РЖД мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аясында "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ мен "Ресей темір жолдары" ААҚ арасында 2030 жылға дейін мемлекетаралық түйісу пункттерін дамыту туралы келісімге қол қойылды.

Құжат шекара маңы инфрақұрылымын жаңғырту, жүк ағынының өсуін ескере отырып, теміржол өткелдерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша бірлескен жұмысты көздейді. Келісімге "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен "РЖД" ААҚ Бас директоры - басқарма төрағасы Олег Белозёров қол қойды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы тоғыз мемлекетаралық өткізу пункті арқылы 3 млрд тоннадан астам жүк тасымалданды. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 71,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға жоғары.

Қазақстан мен Ресей теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыруда. Ағымдағы жылы Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы аяқталды, бұл шығыс бағытының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырды. Цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. 2025 жылғы қазанда электрондық заңдық маңызы бар жүкқұжаттар бойынша тасымалдар үлесі 84% -ға жетті, 2026 жылға қарай көрсеткішті 90% -ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: