Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен сингапурлық PSA International Pte Ltd компаниясы цифрлық көлік дәлізін құру мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Бұл мәселе «ҚТЖ» басшылығы мен Сингапур компаниясының логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша өкілдерімен кездесуінде көтерілген.
Тараптар Азия-Еуропа цифрлық сауда дәлізін құру тақырыбында сөз қозғады. Бұл бастаманы іске асыру Мемлекет басшысының елдің транзиттік әлеуетін арттыру және жаһандық логистикалық экожүйедегі сенімді көлік хабы ретіндегі Қазақстанның имиджін нығайту бойынша қойған маңызды міндетін шешуге мүмкіндік береді.
Кездесуде PSA International Pte Ltd – Crimson Logic еншілес компаниясы ҚТЖ мамандарымен бірлесіп әзірлеген бірыңғай цифрлық платформа таныстырылды. Жаңа жүйеде Calista-AE жеткізу тізбегін басқаруда сингапурлық онлайн-платформаның ҚТЖ ақпараттық жүйелерімен интеграциялану мүмкіндіктері пайдаланылған.
Цифрлық шешімді Транскаспий халықаралық көлік бағдарында қолдану жоспарлануда. Платформа клиенттер үшін сапалы және ыңғайлы сервис жасап, халықаралық тасымалдаушылар үшін маршруттың тартымдылығын арттырады. Цифрлық формат мемлекеттік органдармен және экспедиторлармен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Транзиттік жүктерді ресімдеу кезінде қағаз құжат айналымын болдырмаудан басқа, жүктерді жеткізу мерзімі қысқарады.
Айта кетейік, PSA International Pte Ltd – 26 елде терминалдары бар әлемдегі ең ірі порт операторларының бірі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
172
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
177
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты