Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта тойлануда. 14 наурыз – Көрісу күнінен басталған Наурызнама онкүндігінің аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері бүгін жұмысқа түгел ұлттық киім киіп келді.
18 наурыз – Ұлттық киім күні деп белгіленіп, осыған орай бұл күні қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылғаны белгілі. Осыған орай магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері кезекті жоспарлы кеңеске де ұлттық киім киіп келіп, жиынды жаңа форматта өткізді.

Кеңес отырысында сала мамандары өздері киіп келген ұлттық киімдерін таныстырып, қазіргі жаңа үлгілерін көрсетті.
–18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы іс-шаралар дайындадық. Оған бөлімшеге қарасты барлық мекемелер атсалысты. Біз қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғыртуымыз керек. Бүгінде ұлттық киімді заманауи үлгіде жаңғыртып жатқан дизайнерлер жоқ емес. Бүгінгі жоспарлы кеңес отырысын жаңа форматта өткізіп, ұлттық киімдер таныстырылымын ұйымдастырдық, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Дәулетбек Жолдасбаев.
Бұл күні ұлттық киім киген қыз бен жігіт Тараз теміржол вокзалының аллеясында тұрғындар арасында ұлттық киім түрлері туралы сауалнама жүргізді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген барлық жолаушы сыйлықсыз қалған жоқ.
Сондай-ақ бұл күні вокзал қызметкерлері Таразға келіп тоқтаған жолаушылар пойызын аралап, ауызашарға бауырсақтар таратты. Ал Шу вокзалының қызметкерлері жолаушыларға Наурыз көжеден дәм татырып, сәт-сапар тіледі.

Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
171
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету