Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының (ЭЧ-24) ұжымы 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай қайрымдылық керуенін ұйымдастырды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының (ЭЧ-24) басшысы Ахан Бижанов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Жақсыбаев, дистанцияның бас инженері Жоламан Анаров, Еңбек қауіпсіздігінің жетекші инженері Айнұр Есмуратова 2023 жылдың 28 сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңына орай, өндірістік орнында жарақат алған және қайтыс болған Шымкент ЭЧ-24 жұмысшыларының отбасыларына азық-түлікпен жәрдем көрсету мақсатында әрбір отбасының үйлеріне жеке-жеке кіріп сұхбаттасып, мұң-мұқтаждарын тыңдап, алдағы уақыттарда қажетті жәрдемдерін аямайтынын жеткізді.
Қайрымдылық керуенінің басты мақсаты – теміржол саласында қызмет жасап жарақат алған, өндіріс өміріне әсер етіп қайтыс болған азаматтармен оның отбасына құрмет көрсету болып табылады. ЭЧ-24 мекемесіне қарасты жұмыс өндірістік орнында жарақат алған адамдар саны жетеу.

Арыс қаласына қарасты Монтайтас станциясынан РКС электромонтеры Тажібаев Смайылхан, қазіргі уақытта 1-топ мүгедегі.
Арыс станциясының Монтайтас станциясынан РКС электромеханигі Нұрлан Сапаров өндірістік жарақаттан қаза тапқан.
Арыс қаласына қарасты Арыс-1 станциясында, РКС электромонтеры болып қызмет атқарған Сайфулла Шарифуллин қазіргі уақытта 3-топ мүгедегі.
Арыс қаласына қарасты Арыс-2 РКС электромонтеры Өмірзақ Амреев қазіргі уақытта 25-пайыз еңбекке жарамсыз.
Ордабасы ауданына қарасты Бадам станциясынан РКС электромонтеры Абылай Берденов қазіргі уақытта 1-топ мүгедегі.
Түркістан қаласына қарасты Түркістан станциясында РЭС электромонтеры Исмайлов Сұлтан өндірістік жарақаттан қаза тапқан.
Аталған азаматтардың барлығының отбасы мен жақындарына ұжым атынан 23 сәуірде қайрымдылық керуені арнайы ат басын бұрды.
Адам өмірінің қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын Қазақстан теміржолы компаниясы қашанда өз тарапынан материалдық көмектер көрсетіліп тұрады. Қауіпсіздік басты-құндылығымыз! Ал адам өмірі – Қазақстан үшін ең маңызды ресурс.
Сабира Байзақова
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
205
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи