Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы Мәскеуде өткен «Лучший ОЦО – 2022» премиясына қатысып, «Тиімді бизнес-процестер» аталымы бойынша номинант атанды. Бұл аталымда түрлі саладағы 16 компания марапатқа ие болды.
Аталған орталық директорының міндетін атқарушы Наталья Курьянованың айтуынша, халықаралық іс-шара кезінде Қазақстан теміржолының көпфункционалды қызмет көрсету орталығының жетістіктері ерекше атап өтілген. Орталықтың даму жоспарында ішкі клиенттердің қанағаттанушылығын арттыру, өзіне-өзі қызмет көрсету порталын енгізу, бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру жұмыстары бар. Соның ішінде бизнес-процестердің реинжинирингі, процестер бірегейлігі, операциялардың қайталануына жол бермеу, қызмет көрсету сервисі деңгейін арттыру, бизнес процестерді орындау уақытын азайту, тиімділікті арттыру, қайталанатын процестерді роботтандыру, оларды орындауда уақыт шығынын оңтайландыру да қарастырылған.
Орталық жұмысы кәсіби құзыреттілікті дамытуға, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Атап айтқанда, нақты нәтижелерге келер болсақ, рационализаторлық қызмет бойынша ХI Республикалық жастар форумы аясында «Орындалған жұмыстардың электронды акті» жобасы жүзеге асырылды. 250 қызметкер CIMA, DipIFR, ICFM, ҚР кәсіби бухгалтері, ҚР аудиторы, ҚР салық кеңесшісі сертификаттарына ие болған. Ішкі тренерлер дайындау үшін орталық қызметкерлерінің кәсіби машықтарын дамытуға арналған инфосессиялар мен оқыту курстары өткізіліп тұрады.
Корпоративтік мәдениетті қалыптастыруда еріктілер жұмысы жолға қойылған, соның аясында ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға, көп балалы жанұяларға, ерекше қажеттіліктері бар жандарға көмек көрсетіледі. Корпоративтік және командалық рухты көтеру мақсатында түрлі интеллектуалдық ойындар, тимбилдингтер, театрға бару, сенбіліктер өткізу, түрлі-түсті жұма іс-шаралары өткізіледі. Орталықтың 15 қызметкері былтырғы «ҚТЖ – 100 жас есім» жобасының жеңімпазы атанды.
Райхан Рахметова
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
206
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи