Главная Новости ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
16 июля 2026, 15:46 48

ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады

ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 тамыздан бастап №225/226 «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады. Пойыз Қостанай және Ақмола облыстары тұрғындарының көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, Арқалық бағытына қатынайтын жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тағайындалды. Бұған дейін бұл бағытта тек жеке тасымалдаушының пойызы қатынаған.

Жолаушыларды тасымалдау 2024 жылы шығарылған RWS Wagon жаңа вагондарымен жүзеге асырылады. Пойыз құрамында 3 купе және 3 плацкарт вагоны болады. Бір бағытта 250-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік бар. Вагондар қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр розеткалары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер, арбаға арналған орындар және жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың пайдалану мерзімі – 40 жылға дейін.

Пойыз күн ара қатынайды. Қозғалыс кестесі «Нұрлы жол» станциясынан: жөнелту – 23:05 Арқалық станциясына келу – 09:16

Арқалық станциясынан: жөнелту – 21:20 «Нұрлы жол» станциясына келу – 07:16

Жол бойында пойыз «Нұрлы жол», Жалтыр, Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинская, Арқалық және басқа да станцияларға аялдайды.

Жол жүру құны купе – 9 900 теңге; плацкарт – 6 800 теңге. Бұл пойызда «Алтын», «Алтын 1», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконттық карталарының жеңілдіктері қолданылады.

Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: