Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
17 наурыздан бастап №353/354 «Нұрлы Жол – Семей» бағыты бойынша қатынайтын пойыз құрамына RWS Wagon компаниясының жаңа вагондары енгізіледі. Жаңартылған вагондар жолаушыларға жол жүру кезінде барынша жайлы жағдай жасауға бағытталған.
Пойыз құрамы 9 вагоннан тұрады: 3 купелік, 5 плацкарт және 1 штабтық вагон. Бір бағытта пойыз 350-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Пойыз күнара қатынайды. «Нұрлы Жол» станциясынан 17:55-те, ал Семей станциясынан 16:45-те жөнелтіледі. Бұған дейін аталған бағытта 1993 жылы шығарылған вагондар қолданылған.
Қазіргі уақытта пойыз құрамы жаңа буындағы заманауи вагондармен жаңартылды. Жаңа вагондар дизайн, қауіпсіздік және жайлылық бойынша халықаралық талаптарға сәйкес жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр желісіне арналған розеткалар орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер мен арбаға арналған орындар, сондай-ақ, жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған.
Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін. Соңғы екі жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) өндірісінің 219 вагонын сатып алды. Жаңа вагондар сондай-ақ, «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қатынауда.
Вагон паркін жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық тасымалдаушының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі саналады. 2030 жылға дейінгі жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жолаушылар вагондары толықтай жаңартылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
179
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи