Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Темір жол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) Бас директорлары (жауапты өкілдері) конференциясының XVIII отырысы Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өтті.
Оған Әзірбайжан, Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Грузия, Қазақстан, Қытай, КХДР, Корея Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Чехия және Эстония теміржолдарының, сондай-ақ қосылған кәсіпорындар мен ТЖЫҰ комитетінің өкілдері қатысты.
ҚТЖ делегациясын ҚР Көлік министрлігінің ТЖЫҰ комитетіндегі өкілі, ҚР ТЖЫҰ комитетінің мүшесі Зубайда Аспаева бастап барды.
Отырыста Зубайда Аспаева 2023 жылғы ТЖЫҰ жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының және ТЖЫҰ қаржылық пен есеп айырысу мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс тобының жұмыс нәтижелерінің есептері, халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы үшін өзара есеп айырысу барысы, ТЖЫҰ-ға мүше елдер темір жолдары арасындағы берешекті өтеу тетігі туралы сөз сөйледі.

Қатысушылар жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруге, теміржол көлігінде кодтау мен информатикаға, қаржылық және есеп айырысу мәселелеріне және т. б. байланысты өзара тиімді шешімдер қабылданған күн тәртібінің барлық тармақтарын қарады.
Сонымен қатар, ТЖЫҰ-ның 2023 жылғы қызметінің есебі және 2025 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы мақұлданды. ТЖЫҰ комитетінің Польша Республикасының астанасы – Варшава қаласында 2029 жылға дейінгі орны алдын ала келісілді.
Отырыста бірнеше көлік компанияларына ТЖЫҰ қосылған кәсіпорын мәртебесі берілді. Олардың қатарында "Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы" ЗТБ да бар.
Кездесу қорытындысы бойынша отырыс хаттамасына қол қойылып, Ашхабад декларациясы қабылданды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
263
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи