Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Теміржол көлігінде төмен көміртекті тарту энергиясын қолдану мәселелерін сарапшылар «Төмен көміртекті тарту энергиясына көшу» онлайн-семинарында талқылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Халықаралық темір жолдар одағымен (ХТЖО) бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға әлемнің 20 елінен 140 астам компания өкілдері қатысты.
Спикерлер ретінде Австралия, Корея, Германия, Қытай, Малайзия, Франция және Қазақстаннан келген көлік саласындағы түрлі компаниялар өкілдері (ХТЖО мүшелері мен серіктестері) сөз сөйледі. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы теміржол көлігін декарбонизациялау туралы БҰҰ ЭСКАТО көлік бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшысы Сандип Джейн айтып берді.
Семинарда теміржолда баламалы отын түрлерін енгізу бойынша бастамалар, аккумуляторлық батареяларда локомотивтерді пайдалану, жылжымалы құрамды кеңейтілген пайдалану үшін заманауи шешімдер талқыланды. Қатысушылар тартудың балама түрлеріне көшу кезінде гибридті технологиялар – байланыс желісінің немесе дизельді қозғалтқыштың аккумуляторлық тартымымен үйлесуі ең перспективалы болып табылатынын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев 2013-2022 жылдар аралығында компания бойынша СО2 тікелей шығарындыларының 16% төмендеу серпіні байқалғанын, ал тасымалдау процесінің энергия тиімділігін арттыру көрсеткіштері 20% астамға жақсарғанын атап өтті.
ХТЖО ақпараты бойынша, Қазақстанда темір жол көлігіне парниктік шығарындылардың үлесі 1% аз, ал АҚШ пен Еуропалық одақ елдеріндешамамен 2-3% құрайды.
Айта кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы» бекітілді. Қазіргі уақытта компания Wabtec Corporation, Alstom Transport және CRRC Corporation Limited халықаралық серіктестерімен бірлесіп теміржол көлігінде баламалы энергия түрлерін әзірлеу үстінде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы