Главная Новости ҚТЖ өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс тексерулер мен оқу-жаттығу өткізді
11 желтоқсан 2023, 08:43 988

ҚТЖ өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс тексерулер мен оқу-жаттығу өткізді

ҚТЖ өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс тексерулер мен оқу-жаттығу өткізді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарының ғимараттарында өрт қауіпсіздігі мен өртке қарсы жаттығулар талаптарының орындалуына жоспардан тыс 77 тексеру жүргізілді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша ғимараттар мен пойыздарда өрт туындаған кезде персоналдың іс-қимылдары пысықталды. Эвакуациялау жолдары мен шығу жолдары, өрт сөндіру құралдары, өрт дабылы және өртке қарсы сумен жабдықтау өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сәйкес келтірілген.

Сондай-ақ, ҚТЖ әкімшілік ғимаратында (елорданың биік ғимараттарының бірінде) жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлер мен кезекші қызметтердің іс-әрекетке дайындығын бағалау. Өрт дабылының, хабарлау жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеруге ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша шартты өрт ғимараттың 15-ші қабатындағы электр қалқанында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайда болды. Кезекші диспетчер ОА азаматтық қорғаныс штабының басшылығы мен мүшелеріне оқиға туралы баяндады. Дабыл бойынша қатысы бар кезекші қызметтердің 22 қызметкері тартылды: өрт сөндірушілер, диспетчерлер, слесарь-сантехниктер, электриктер, желдеткіштер, БӨА және А техниктері, лифтерлер. Өрт ғимараттың ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің арқасында жедел түрде жойылды.

Оқу-жаттығулардың қорытындысы – өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың барлық жоспарланған мақсаттары орындалды, қойылған міндеттер жүзеге асырылды, оқу жағдайлары пысықталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: