Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы сәуірге дейін ҚТЖ желісі бойынша 71,7 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, оның ішінде 64,7 млн тоннасы — жылу электр станцияларына, 7 млн тоннадан астамы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтілді.
Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалды. Бұл туралы ҚТЖ — «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Ғани Есенбаев Қазақстан көмір өнеркәсібінің VI форумында мәлімдеді.
ЖЭО, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысы мен тұрғындарды жылумен жабдықтаумен байланысты қатты отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету Компанияның басты басымдығы болып қала береді.
2025 жылғы мамырдан 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындық басталды. 60 астам маманды қамтитын көмір тасымалдау бойынша ҚТЖ жедел штабы жұмысын жалғастыруда. Штаб тәулік бойы тиеу мониторингін жүргізеді, бос вагондардың берілуін реттейді және көмір өндіруші кәсіпорындармен логистиканы үйлестіреді. Маршруттық және тораптық жөнелтілімдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады, бұл вагондардың айналымын жеделдетуге, жеткізу мерзімдерін оңтайландыруға және өткізу қабілеті шектеулі учаскелерде жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚТЖ операциясына 28 мыңға жуық вагон жұмылдырылды, оның ішінде 20 мың жартылай вагон күзгі-қысқы кезеңде айналымға қосылады. Парк көмір тасымалының болжамды көлемін жабуға мүмкіндік береді. Жаппай тиеу және түсіру көлемі бар учаскелерде теміржол инфрақұрылымына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ҚТЖ жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды және жергілікті атқарушы органдарды күз-қыс айларында ең жоғары жүктемелерді болдырмау үшін жыл бойы тиеу көлемін біркелкі бөлуге шақырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
59
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы