Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігі департаменті және ҚТЖ - “Бас есептеу орталығы" филиалы "Қозғалыс қауіпсіздігі" автоматтандырылған жүйесін және "Инфо – орталық" ақпараттық кешенін әзірледі.
"Қозғалыс қауіпсіздігі" автоматтандырылған жүйесі (ҚҚ АЖ) екі модульден тұрады: "Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор" автоматтандырылған жүйесі (ҚР АЖ) және "Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау" автоматтандырылған жүйесі (ТТ АЖ).
ҚР АЖ 2016 жылы тұрақты пайдалануға енгізілді және "Ревизор” автоматтандырылған жұмыс орны" жүйесінің орнына келді. Осының арқасында соңғы 10 жылдағы ҚТЖ желісіндегі қозғалыс қауіпсіздігі туралы ақпарат сақталды. "Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау" автоматтандырылған жүйесі биыл әзірленді. Ол қабылданған ауытқулар бойынша статистикалық мәліметтер негізінде тәуекелдерді талдайды және бағалайды.
ҚҚ АЖ адами факторды, қағазбастылықты жоюға, мамандардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе еліміздің әртүрлі аймақтарынан алынған ақпаратты жедел өңдейді, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін туындайтын тәуекел дәрежесін объективті бағалайды. Нақты уақыт режимінде ҚТЖ басшылығы жол бөлімшелері мен басқарудың барлық деңгейлеріндегі жекелеген бөлімшелер бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
"Инфо-орталық" ақпараттық кешені ҚТЖ және жол бөлімшелері басшыларын пайдалану жұмысы, жылжымалы құрамның жай-күйі, инфрақұрылым және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өзекті деректермен хабардар етуге арналған.
Кешен нақты уақыт режимінде жол бөлімшесі учаскелерін визуализациялауды қамтамасыз етеді, барлық жүйелердің деректерін интерактивті бақылау тақталары түрінде көрсетеді. Ақпаратты қабылдаудың ыңғайлылығы үшін жоспардың орындалуы/орындалмауы, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының төмендеуі/өсуі туралы түсті индикация қарастырылған.
Бүгінгі таңда Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде кешенді тәжірибелік пайдалану аяқталды. Қалған бөлімшелерге және ҚТЖ корпоративтік деңгейіне тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
131
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»