Главная Новости ҚТЖ пойыз техникалық себеппен тоқтағанда неліктен вагоннан шығуға болмайтынын ескертті
02 қазан 2024, 12:00 75

ҚТЖ пойыз техникалық себеппен тоқтағанда неліктен вагоннан шығуға болмайтынын ескертті

ҚТЖ пойыз техникалық себеппен тоқтағанда неліктен вагоннан шығуға болмайтынын ескертті

Алыс жолға шыққан пойыз жолаушылары пойыздың станциядан тыс жерлерде тоқтап, жолсеріктердің есіктерді ашпайтынын жиі байқап жатады. Мұндай жағдайлар техникалық тоқтау кезінде орын алады. Олар пойыздың кестесінде көрсетілмесе де, қозғалыс кестесіне енгізілген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Техникалық тоқтаулар не үшін қажет?

Техникалық тоқтаулар пойыздың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Мұндай тоқтаулардың бірнеше себебі бар:

1. Басқа пойыздарды күтіп, оларды өткізу:

Қазақстанда теміржолдың қатты жүктелген учаскелері бар. Сол себепті бір жолда жылдам және стандартты пойыздар әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Теміржол билеттеріне сұраныстың жоғары болуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жиі қосымша пойыздар енгізеді. Дегенмен, жолдардың жүктелуіне байланысты пойыздар жиі тоқтап, жылдам пойыздарға жол беруге мәжбүр болады. Мұндай тоқтаулар кейде ондаған минутқа созылуы мүмкін.

2. Пойыздар тоқтаған кезде техникалық жұмыстар жүргізу:

Техникалық тоқтаулар пойыз тоқтап тұрған кезде ғана орындалатын түрлі жұмыстарды жүргізу үшін қажет. Мысалы, вагондарды сумен толтыру, биотуалеттерді тазалау немесе пойыздардан қоқыс шығару.

3. Локомотивті ауыстыру:

Кейде техникалық тоқтау кезінде локомотив ауыстырылады. Бұл ұзақ маршруттарда қажет, өйткені әр локомотив тек белгілі бір жол учаскесінде қызмет көрсетеді.

4. Теміржолдағы жөндеу жұмыстары:

Теміржолдарда шпалдар мен рельстерді ауыстыруды қоса алғанда, жиі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жағдайда жол жүріп жатқан пойыз техникалық тоқтау жасау мүмкін.

5. Теміржол қызметкерлерін тасымалдау:

Кейде пойыз қысқа мерзімді тоқтаулар жасап, теміржол қызметкерлерін станциялар арасында тасымалдайды. Мұндай тоқтаулар әдетте 1-2 минутқа созылады.

Техникалық тоқтау кезінде жолаушыларға неліктен шығуға болмайды?

Көптеген жолаушылар «техникалық тоқтаулар кезінде темекі шегуге немесе далаға шығып, таза ауа жұтуға бола ма?» деп сұрайды. Өкінішке қарай, болмайды. Бұл бірнеше факторларға байланысты:

1. Платформаның болмауы:

Техникалық тоқтаулар жиі жолаушылар платформаларынан алыс жолдарда болады. Мұндай жерлерде пойыздан шығу қауіпті болуы мүмкін. Өйткені жарақат алу немесе өтіп бара жатқан пойыз астына түсу қаупі бар.

2. Инфрақұрылымның жоқтығы:

Көптеген техникалық тоқтауларда вокзалдар немесе басқа да инфрақұрылымдар жоқ. Егер жолаушы пойыздан қалып қойса, ол жақын жерде баратын жер таппайды.

3. Қауіпсіздік:

Жолсеріктердің басты міндеті – жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Техникалық тоқтау кезінде жолаушыларды шығарса, оларды қауіпті жағдайға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, нұсқаулықтар бойынша мұндай тоқтаулар кезінде есіктерді ашуға қатаң тыйым салынады.

Техникалық тоқтаулар теміржол жұмысындағы ажырамас бөлігі болып есептеледі және пойыздардың қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды осы тоқтауларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: