Главная Новости ҚТЖ ресейлік әріптестерімен арнайы жол картасын әзірлеуге келісті
27 сәуір 2021, 13:11 654

ҚТЖ ресейлік әріптестерімен арнайы жол картасын әзірлеуге келісті

ҚТЖ ресейлік әріптестерімен арнайы жол картасын әзірлеуге келісті

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «Российские железные дороги» ААҚ басшысы Олегом Белозёровпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара қарым-қатынастар дамуының оң қарқынын, серіктестіктің ұзақ мерзімді перспективалық бағыттарын атап өтті.

Теміржол әкімшіліктерінің басшылары қазақстандық-ресейлік және қазақстандық-қытайлық теміржол шекаралық өткелдерінің жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Ресей, Қазақстан және Беларусь теміржол әкімшіліктері құрған Бірлескен көліктік-логистикалық компанияның қызметін дамыту жөніндегі одан арғы жоспарлар қаралды.

Сонымен қатар, тасымалдарды ресімдеудің қағазсыз технологияларын дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар экспорттық-импорттық тасымалдарды ресімдеудің цифрлық форматына көшу жөніндегі жол картасын әзірлеуге келісті.

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдары көлемі 21 млн тоннадан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2% өсті. Оның ішінде, экспорт 4% артып, шамамен 14 млн тоннаны құрады. Өсім Ресей Федерациясының аумағы арқылы көмір, мұнай өнімдері мен қара металдарды жеткізу есебінен болды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында астық экспорты 65%, тас көмір 70%, түсті кен 53% , қара металдар 26%, мұнай өнімдері 22% өсті. Жалпы, өткен жылы екі ел арасындағы жүк айналымы 85 млн тоннадан асты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: