Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биылғы наурыз-маусым айларында ҚТЖ желісінде жөндеудің барлық түрімен 591 км жол сауықтырылды. Жоспарланған жұмыс көлемі кесте бойынша орындалуда. Биыл магистральда соңғы жылдарғы ең көлемді – 1,1 мың км астам жолды жөндеу жоспарлануда.
Күрделі жөндеу 289,5 км жолға жүргізілді. Атап айтқанда, 53 км жолдағы рельсті тіректер, 114 мың ақаулы шпалдар, 456 мың рельстік бекіткіштер элементтері ауыстырылды. Заманауи қиыршық тастардан тазарту РМ машинасымен 162 км жолдың балласт призмасына терең тазарту жүргізіліп, 160 мың м3 қиыршық тас төселді. Сонымен қатар 2 мың шақырым жолға түзету-нығыздау-рихтеу жұмыстары жүргізілді және 555 бағыттамалық бұрма, бағыттамалық бұрманың 286 жаңа жиынтығы төселді. Және де 900 км астам рельс «ATLAS» рельсті тегістеу пойыздарымен қалпына келтірілді.
Темір жолды сауықтыру жөнделген учаскелердегі қозғалыс жылдамдығын барынша арттыруға, автоматика, телемеханика және байланыс жүйелерін қоса алғанда, барлық техникалық құрылғылардың сенімділігін қамтамасыз етуге және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, инфрақұрылым күзгі-қысқы кезеңдерде әлеуметтік маңызды жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға дер кезінде дайын болады.
Жол жөндеу жұмыстары наурыз айынан басталды және де Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлері учаскелерінде жүргізілуде.

Инфрақұрылымды жаңғырту мен ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін ҚТЖ пойыздар қозғалысы жылдамдығына уақытша шектеулер енгізеді, бұл жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына әсер етпей қоймайды. Бұл орайда Астана – Алматы, Алматы – Петропавл, Шымкент – Астана, Жезқазған – Алматы, Алматы – Орал қатынасындағы пойыздар кешігуі мүмкін.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жөндеу жұмыстарын жаппай жүргізу жағдайында жолаушылар пойыздары қозғалысының нормативтік кестесін сақтау бойынша күн сайын шаралар қабылдануда.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі мен «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы алуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
27
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде