Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 13 қызметкері Астанада төртінші рет өтіп отырған Ironman Kazakhstan жарысына қатысып, үздік нәтижелер көрсетті. Олар 1,9 шақырымдық жүзуді, 90 шақырымдық веложарысты және 21,1 шақырымға жүгіруді еңсерді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері, ультрамарафоншы, Railways team спорттық командасының негізін қалаушы және капитаны Батыр Котыревтың (эстафета, жүзу) басшылығымен триатлоннан ең күрделі халықаралық жарыстардың бірінде өзінің рухы мен төзімділігін Цтех бас менеджері Сағат Қабиев (нәтижесі 5 сағат 23 мин); Техникалық орталық директоры Азамат Жангелді (велосипед); Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Руслан Молдағалиев (жүгіру, 5 сағат 28 мин); Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Ерлан Смайылов (7 сағат 29 мин); «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас менеджері Михаил Балабанов (5 сағат 54 мин); «Қазтеміртранс» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры Аян Кәрібжанов (5 сағат 56 мин); «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ менеджері Мақсат Ерденов (7 сағат 04 мин); эстафетаға қатысушылар – Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Саят Смағұлов (вело); ревизор Рамазан Назаров (жүзу); Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Данияр Бекішев (жүгіру, 6 сағат 52 мин); Семей НЖС техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегаділов (5 сағат 44 мин) және Қостанай ШЧ бастығы Нұрлан Иқсанов (6 сағат 21 мин) көрсетті.
ҚТЖ спортшылары үшін бұл триатлон жарысы үлкен дайындықпен келген дода болды. Ұзақ та қиыншылығы мол қашықтықтар төзімділік пен керемет дайындықты қажет етеді. Әсіресе әріптестері «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің компанияда спортты дамытуға және танымал етуге қосқан үлесін, ол өзінің жарқын үлгісімен кез келген шыңдарды бағындыруға болатынын, ең бастысы – дұрыс мақсаттар қоя білу керектігін көрсетіп келе жатқандығын атап өтіп жатты. Бұл жолы ол өз командасының үздік нәтижелерін биыл атап өтілетін «Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығына арнады.