Главная Новости ҚТЖ су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақтады
06 сәуір 2022, 09:00 941

ҚТЖ су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақтады

ҚТЖ су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақтады

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысы, желідегі жолдар мен жасанды құрылыстарды уақытылы дайындау үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар әзірленді.

Қарғын суды өткізу бойынша өткен жылдар тәжірибесі алдын ала сарапталды. Сол арқылы барлық өңірлердегі 673 қауіпті жердің (құбырлар, көпірлер, жер төсемдері) тізімі анықталды. Соның негізінде су тасқыны болатын кезеңде бақылау күшейтіліп, тәулік бойына кезекшіліктер ұйымдастырылды, қосымша тексерулер жүргізілді.

Көпірлер, құбырлар, дренажды құдықтардың саңылаулары қардан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, астаулар және кюветтер қардан аршылды.

Жасанды құрылыстар 100 пайыз қардан тазаланды. Сонымен қоса шойтасы, рельс пакеттері, кондицияға сәйкес емес темір бетон шпалдары бар су тасқынына қарсы 45 пойыз жасақталды. Сондай-ақ мұзды жару және қар көшкінін түсіру бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге келісімшарттар жасалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: