Главная Новости ҚТЖ тағы үш қосымша пойыз тағайындайды
15 сәуір 2024, 09:56 266

ҚТЖ тағы үш қосымша пойыз тағайындайды

ҚТЖ тағы үш қосымша пойыз тағайындайды

Ұлттық тасымалдаушы тұрғындарды тасымалдау үшін тағы 3 пойыз тағайындайды. 

Олар келесі бағыттар бойынша жүреді:

  • №211/212 «Орал-Қызылорда» пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 20:32-де Орал қаласынан жөнелтіліп, 14 сәуірде сағат 22:45-те Қызылордаға келеді;  
  • №213/214 «Атырау-Астана-Қарағанды» пойызы бір рейске: 13 сәуірде сағат 19:30-да Атыраудан жөнелтіліп, 15 сәуірде сағат 08:30-да Қарағандыға келеді;  
  • №215/216 «Атырау-Алматы» пойызы бір рейске: Атыраудан 14 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 17 сәуірде сағат 03:50-де келеді.

Сондай-ақ, Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына төрт қосымша вагон қосылды.  

№211/212 және №215/216 пойыздарының купе вагондарының құны 13 915 теңге тұрады, ал плацкарт билеттері 9 216 теңге бағасымен қолжетімді. Ал ірі қалалар арқылы өтетін №213/214 «Атырау-Астана-Қарағанды» пойызының бағасы купе үшін 18 114 теңге, ал плацкарт үшін 11 898 теңгені құрайды.  

Қабылданып жатқан шаралар су тасқыны қаупі бар аймақтардан қосымша 2 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша пойыздар мен вагондарға билеттерді сату 13 сәуірде басталды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.  

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: