Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторының Қазақ тілінде сөйлеу клубы кезекті отырысын өткізді. Танымдық сайысқа негізделген жиын туған жер, Отан тақырыбына арналды.
Жиынға қатысушылар белгілі қазақ ақын-жазушыларының туған жер туралы өлеңдерін жатқа оқып жарысты. Іс-шара әрі қарай «Жасырын сөзді тап» ойынымен жалғасты. Бұл бір қызық ойын еді, қатысушылар ортаға шығып, үстел үстіндегі карточкадағы сөзді іштей оқып, сол сөздің мағынасын жасыру арқылы өзгелердің сол сөзді табуына көмектеседі. Сөзді дұрыс тапқан адам карточканы өзіне алып, ойынды жалғастырады. Кім көбірек карта жинаса, сол жеңеді.
Келесі ойын «Kahoot» дидактикалық ойыны болды. Қатысушылар ұялы телефондары арқылы осы ойынның сайтына кіріп, есімін жазады және қойылған сұрақтарға жылдам жауап беруге тырысады. Клуб отырысы одан әрі әңгіме құрастыру сайысына ұласты. Ойын шарты бойынша берілген суреттерге қарап отырып 5 минутта әңгіме құрастырғандар аз болмады.

– Клубтың мақсаты – компаниямыздың қазақ тілін үйренемін деген қызметкерлеріне көмектесу. Сонымен қатар оларды еркін, әрі жеңіл сөйлесуге үйрету, тілдік ортаны дамытып, күннен-күнге тілге деген қызығушылықтарын арттырып, өмірде пайдаланатын сөздерді оңай меңгертуге де септік етуді көздейміз, – дейді кешті жүргізген аталған сектордың бас менеджері Меруерт Ақбердиева.
Соңында барлық қатысушылар «Мен қазақпын» әнін шырқады және қазақы нақыштағы әдемі қобдиша сыйлықтарға ие болды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
79
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы