Главная Новости ҚТЖ: Төрт айда 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
14 мая 2026, 16:21 38

ҚТЖ: Төрт айда 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

ҚТЖ: Төрт айда 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

2026 жылғы қаңтар – сәуір қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүктерді тасымалдау көлемі 84,4 млн тоннаны құрады. Республикаішілік тасымалдар 54 млн тоннаға жетті. Экспорттық тасымалдар 8%, яғни 30,4 млн тоннаға дейін өсті.

Қалыптасқан дағдыға сәйкес жүк ағынының негізгі бөлігі тас көмір болып табылады. Есепті кезеңде 35,3 млн тонна тасымалданды, бұл 2025 жылдан 3,3% артық, оның 24,4 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға, ал 9,9 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді.

Астық тасымалы сегментінде де оң қарқын байқалуда. Астық тасымалдау көлемі 13% өсіп, 5,3 млн тоннаны құрады. Астық экспорты 14,4% артып, 4,2 млн тоннаға жетті.

Сондай-ақ, ұнтақ өнімдерін тасымалдау 3% артып, 1 млн.тоннаны құрады, ал құрама жемнің 1,3 млн. тоннасы тасымалданса, өсім – 62%.

2026 жылдың төрт айында 6,3 млн тонна мұнай жүктері, 6,6 млн тонна түсті кен, 4,3 млн тонна құрылыс материалдары тасымалданды.

Бірқатар негізгі номенклатуралар бойынша: қара металдар – 7,2%, яғни 2,5 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштар – 3,7%, яғни 1,7 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганец – 1,3%, яғни 6,7 млн тоннаға дейін тасымалдаудың өсімі байқалды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: