Главная Новости ҚТЖ вагон паркін қалай жаңартып жатқанын айтты
24 мамыр 2024, 09:51 697

ҚТЖ вагон паркін қалай жаңартып жатқанын айтты

ҚТЖ вагон паркін қалай жаңартып жатқанын айтты

2030 жылға қарай Ұлттық тасымалдаушының вагон паркі 700 вагонға толықтырылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов брифингте айтты.

Басқарма төрағасы өз сөзінде, елімізде жолаушылар қатынайтын 138 теміржол бағыты бар екенін атап өтті. Оның ішінде Ұлттық тасымалдаушы 97 бағыт бойынша, ал қалған бағыттарда жеке тасымалдаушылар мен халықаралық пойыздар қызмет көрсететінін жеткізді. 14 жеке тасымалдаушы 31 бағыт бойынша қызмет көрсетеді екен.

«Былтыр біз 13 млн-нан астам жолаушыны тасымалдадық. Соның ішінде жаз мезгілінде 3,8 млн жолаушы, биыл бұл көрсеткішті 4,2 млн-ға жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Ж. Тайжанов.

Сонымен қатар ол компания вагон паркін жаңартуды қалай іске асырып жатқаны жайлы толығырақ айтып берді. Қазір Ұлттық тасымалдаушының вагон паркінде 2157 жолаушылар вагоны бар, оның 1317-сі стандартты, 732-сі  Тальго,  108 электродизель вагондар. Вагондардың орташа жасы 17 жылды құрайды екен. Дегенмен барлық вагондардың 45%-ын 1-10 жыл аралығындағы вагондар құрайды. Ал, шойын жолда жүргеніне 28 жылдан асқан вагондар 27%.

«Соңғы 10 жылда компания 1,5 мыңға жуық заманауи вагон сатып алды. Оның ішінде вагон паркі 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 150-ден астам вагонға толықтырылды. Жаңа вагондар Алматы-Маңғыстау, Алматы-Атырау, Атырау-Астана, Атырау-Маңғыстау, Астана-Шымкент, Астана-Семей, Қызылорда-Семей, Алматы-Жезқазған, Павлодар-Алматы, Павлодар-Түркістан және Атырау-Ақтөбе бағыттары бойынша пойыздар құрамына енгізілді. 2030 жылға дейін 700-ден астам вагон жеткізілуі күтілуде, оның ішінде «Штадлер Қазақстан» өндірісінің 537 вагоны кіреді. Вагондардың алғашқы легі 2025 жылдың соңында жолға шығады деп күтілуде. Бұл кезде ескі вагондардан 3 пайыздай ғана қалады. Ал, вагондардың орташа жасы 13 жыл болады», - деді басқарма төрағасы.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: