Главная Новости ҚТЖ вагон паркінің 78 пайызы ауа баптағыштармен жабдықталған
24 шілде 2023, 14:00 899

ҚТЖ вагон паркінің 78 пайызы ауа баптағыштармен жабдықталған

ҚТЖ вагон паркінің 78 пайызы ауа баптағыштармен жабдықталған

Жалпы парктен (2,1 мың бірліктен астам) «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондарының 78%-і ауаны баптау жүйесімен жабдықталған. 

Вагон жасаушы зауыттың конструкциясы бойынша  вагон паркінің 22% ауа баптау жүйесі қарастырылмаған. Мұндай вагондарда апаттық жағдайларда ашылатын және Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелері мен Техникалық пайдалану ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келетін апаттық купелерден басқа барлық купелерде терезе ашу мүмкіндігі бар.

Ауаны баптау жүйесі жоқ вагондар алдағы жылдары олардың қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тастауға жатады.

Барлық заманауи вагондар ауа баптағыштармен жабдықталған. 2022 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Стадлер Қазақстан» ЖШС арасында 2025 жылдан 2030 жылға дейін ауаны баптау, бейнебақылау жүйелерімен, экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электр розеткаларымен және кіріктірілген USB шығыстарымен жабдықталған 537-ден астам жоғары технологиялық вагондарды жеткізу туралы ұзақ мерзімді шарт жасалды.

Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді «Жолаушылар тасымалы» АҚ - дан басқа 14 жеке тасымалдаушы көрсетеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: