Главная Новости ҚТЖ үш бағыт бойынша 25% жеңілдік жасайды
02 апреля 2026, 12:07 52

ҚТЖ үш бағыт бойынша 25% жеңілдік жасайды

ҚТЖ үш бағыт бойынша 25% жеңілдік жасайды

2026 жылғы 1–30 сәуір аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізді. Жеңілдіктер белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:

• № 105/106 «Петропавл – Алматы»

• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады. Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады.

Жеңілдікпен билеттер www.bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында сатылады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады. _

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: