Главная Новости ҚТО мұнай құбыры жүйесі арқылы тасымал қызметін пайдалануға тең әрі әділ мүкіндігін қолдайды
12 тамыз 2024, 14:46 737

ҚТО мұнай құбыры жүйесі арқылы тасымал қызметін пайдалануға тең әрі әділ мүкіндігін қолдайды

ҚТО мұнай құбыры жүйесі арқылы тасымал қызметін пайдалануға тең әрі әділ мүкіндігін қолдайды

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген бірыңғай үлгідегі мұнай тасымалдау қызметтерін көрсетуге шарттар жасасу арқылы барлық жүк жөнелтушілерге мұнай тасымалдау қызметтерін пайдалануға тең жағдай мен еш кемсітусіз шарт қойып, аталмыш қызмет түрімен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңының  25-бабының 2-тармағына сәйкес жүк жөнелтушілерге мұнай тасымалдау бойынша қызметтер магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес магистральдық құбыр жүйесінде қолданыстағы мұнай тасымалдау бағыттары бойынша көрсетіледі. Осы Заңның 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау Кестесін бекіту Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құзыретіне жатады.

Кестені Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жүк жөнелтушілердің мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге техникалық мүмкіндігін оператордың растауымен жоспарланатын айға мұнай тасымалдауға өтінімдері негізінде жасақтайды. «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында мұнай тасымалдау қызметтерін көрсету бойынша бос өткізу қабілеті мен магистральдық құбыр схемалары туралы ақпарат тоқсан сайын жарияланып отырады.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай-газ саласының мониторингі қызметін жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ жүйесіне күн сайын деректерді беру арқылы Кестенің орындалуы туралы ақпаратпен бөліседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне Кестенің орындалуы туралы ай сайын есебін жолдайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілермен өзара әрекеттесу процесін цифрландыру және автоматтандыру бойынша қажетті іс-шараларды іске асыруда. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілермен өзара іс-қимылы www.tasymaldau.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады. Жүк жөнелтушілер ай сайын мұнай тасымалдауға тапсырыстар мен сұраныстарды жасақтап, www.tasymaldau.kz интернет-ресурсы арқылы жібереді. «ҚазТрансОйл» АҚ электронды құжат айналымы жүйесінде кіріс құжаттарды тіркеу карточкасын құру арқылы құжаттарды қабылдайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ www.tasymaldau.kz жүйесі арқылы жүк жөнелтушілерге әрбір тұтынушы бойынша мұнай тасымалдау көлемдері мен бағыттарын көрсететін Кестеден үзінді көшірмелерді; төлем тапсырмалары; келісім-шарттар бойынша мұнай тасымалдау үшін алдын ала төлемге шот-фактуралар; әрбір тұтынушы үшін порттарда тоннажды жеткізу және орналастырудың позициялық кестесінен үзінді көшірмелер; маршруттық нұсқаулықтар мен мұнай тасымалдау тарифтерінің өзгеруі туралы хаттар жібереді.

Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ қажетті құжаттарды қалыптастыру және оларды тарату (жеделхаттар, хабарламалар, төлем тапсырмалары, шот-фактуралар, позициялар кестесінен үзінді көшірмелер және т.б.) процесін автоматтандыру жүйесін әзірлеп жатыр.

Реттелетін қызметтерге қол жеткізу үшін жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 ж. 13-тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-ға өтініш жолдайды. Магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне қосылуға техникалық шарттарды беруге өтінімді толтыру «ҚазТрансОйл» АҚ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңымен белгіленген уақыт ішінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қосылуға техникалық шарттарды шығарады. «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды 62 қабылдау және жеткізу пунктінде қабылдап, жеткізеді, оның 11-і тікелей «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес, ішкі нарыққа магистральды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау қызметтері бойынша тарифтер Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан бекітіледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында жылына екі рет тыңдау түрінде тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында есеп береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: