Главная Новости Қуанышбек Есекеев Digital Almaty форумында «Қазақтелекомның» цифрлық жобаларын таныстырды
06 ақпан 2023, 08:30 479

Қуанышбек Есекеев Digital Almaty форумында «Қазақтелекомның» цифрлық жобаларын таныстырды

Қуанышбек Есекеев Digital Almaty форумында «Қазақтелекомның» цифрлық жобаларын таныстырды

Қазақстанның ірі телеком-операторы және оның еншілес компаниялары Digital Almaty 2023 мерейтойлық форумына қатысты. Биылғы форум тақырыбы – «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» және «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, елімізде мобильді байланыстың бесінші буынын құру жобасы қарсаңында шараның қамтитын тақырыбы өзекті.

Digital Almaty жыл сайынғы халықаралық форумы – Бұл бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қоғамдастықтың, орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен 2018 жылдан бастап Қазақстанның ірі мегаполисінде өткізіліп келе жатқан ең ірі Tech-іс-шара. Әрбір форум заманауи цифрлық технологияларды дамытудың жеке аспектісін қамтиды, биылғы жылы Digital Almaty форумының негізгі тақырыбы – «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік», оның шеңберінде сарапшылар үш негізгі бағытты талқылайтын болады: цифрлық технологиялар дәуірінде адами капиталды және креативті индустрияларды дамыту, роботтандырылған технологиялар және оларды қолдану, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бұл бағыттардың барлығы Қазақстанда 5G желілерін салу жобасымен тығыз байланысты. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында елімізде бесінші буын стандартының қызметін ұсыну үшін радиожиіліктерге арналған алғашқы аукцион өтті, оның жеңімпазы еліміздегі ірі телеком-оператордың еншілес компаниялары, яғни «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком сервис» ЖШС операторларының консорциумы болды.

«Біздің ұялы байланыс операторларымыз 2021 жылы Түркістан мен Алматыда бесінші буын желілерін өрістету бойынша пилоттық жобаларды іске асырып үлгерді, енді олар алдағы бес жылда республикалық маңызы бар үш қалада, сондай-ақ барлық облыс орталықтарында осындай желілерді салуы тиіс, деп атап өтті Қуанышбек Есекеев. – Осы форум біздің компаниялар тобының барлық мүмкіндіктерін Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің үкімет басшыларын қамтитын кең аудитория алдында паш етуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Digital Almaty-2023 ұйымдастырушыларының мәліметтері бойынша, биылғы жылы форумға экономиканың түрлі секторларынан 400-ге жуық компания қатысады деп күтілуде және олардың көпшілігі өздерінің сенімді цифрлық серіктесі ретінде «Қазақтелекомды» таңдайды деп сенемін».

Бесінші буын желілерін дамыту тақырыбы шын мәнінде форумда қаралатын барлық тақырыптардың өзегі десе болады: пленарлық сессияда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан премьер-министрлері Мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету жүйесін дамыту, мемлекетаралық транзакцияларды оңтайландыру, телекоммуникацияларда жаңа технологияларды пайдалану және IT-технологияларды пайдалану есебінен бизнес үшін жаңа өсу нүктелері мәселелерін талқылайтын болады. Жекелеген сессияларда сарапшылар мұнай-газ индустриясын, өңдеу өнеркәсібін цифрландыруды, тіпті цифрлық шешімдер есебінен сақтандыру нарығын дамытуды талқылайтын болады. Барлық панельдік сессияларға «Қазақтелеком» және оның еншілес компанияларының өкілдері қатысады, айта кету керек дәл осы компаниялар ағымдағы жылы бүкіл ел бойынша 5G технологиясын ендіретін негізгі қозғаушы күшке айналады.

«Біз үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, 5G ұлттық желісін дамытуды жоспарлап отырмыз, бұл жоба орасан зор инвестицияларды және құзыретті техникалық мамандарды талап етеді. Қазіргі уақытта мұндай ауқымды жұмыс көлемін тек ірі және телеком-технологиялар саласында жоғары деңгейдегі сарапшы атқара алады онда да тиімді кооперацияда жүзеге асыратын болса, – деді «Мобайл Телеком- Сервис» ЖШС Бас директоры Сергей Коньков. – Жобаның сәтті жүзеге асуына көмектесетін маңызды факторлардың бірі – желіні дамыту және жабдықты орнату бағытындағы кедергілерді жоюда мемлекеттік қолдау шаралары дер едім. Біз желіні жоспарлауда да, оны тиімді пайдалану үшін кейстер мен өнімдерді дамытуда да белсенді жұмыс істеп жатырмыз – 5G азаматтар үшін жылдам интернет қана емес, сонымен қатар ІОТ, ақылды қалаларды дамыту және өндірісті роботтандыру үшін негіз болып табылады».

«Бесінші буын байланысы бұл ертеңгі күн емес, ол міне бүгінгі күн, біз мұны бір жыл бұрын Түркістанда алғашқы коммерция алдындағы 5G желісін іске қосқан кезде дәлелдеп қойғанбыз, деп атап өтті «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.  Біз осы технологияның мүмкіндіктерін Digital Almaty форумының алаңында көрсетеміз, онда кез келген адам ғаламдық желіге қосылуда өте жоғары жылдамдықты сезіне алады. Цифрлық министрліктің аукцион өткізу арқылы жиіліктерді бөлудегі прогрессивті тәсілінің арқасында, тарихи жобаны жүзеге асыратын операторлар анықталды. Яғни біз алдағы бірнеше жылда жеті мыңнан астам базалық станция саламыз және Қазақстан ТМД елдері ішінде 5G желісін кілемдей төсеген алғашқы ел боламыз. Соның арқасында Қазақстан экономикалық және технологиялық дамудың мүлде басқа деңгейіне шығады».

Мерейтойлық форумның барлық қатысушылары мен қонақтары «Қазақтелеком» АҚ еншілес компанияларының стендтерінде ұсынылған 5G желісінің мүмкіндіктерін емін-еркін сынап көруге мүмкіндік алды. Бұдан басқа, ірі телеком-оператор Digital Almaty-2023 шеңберінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Цифрлық технологиялар – импортты алмастырудың қозғаушы күші» тақырыбында панельдік сессиясын өткізді, оның барысында еліміздің ірі Телеком-операторының ашық архитектураларды әзірлеудегі және Open RAN технологиясын пайдаланудағы мүмкіндіктері ұсынылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: