Главная Новости Қуаты 1000 МВт «Түркістан БГҚ» жобасы Алматыдағы Энергетиктер форумында таныстырылды
22 октября 2026, 18:43 37

Қуаты 1000 МВт «Түркістан БГҚ» жобасы Алматыдағы Энергетиктер форумында таныстырылды

Қуаты 1000 МВт «Түркістан БГҚ» жобасы Алматыдағы Энергетиктер форумында таныстырылды

«Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әсет Исқақов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт бу-газ электр станциясын салу жобасын «Болашақ генерациясы: Қазақстанның энергетикалық теңгерімі қандай болуы керек?» атты сессияда таныстырды.

Форум Powerexpo Almaty 2026 халықаралық көрмесі аясында өтуде. Бу-газ электр станциясы Қазақстанның оңтүстігіндегі электр қуаты тапшылығын азайтуға бағытталған. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының электр қуатына қажеттілігі шамамен 1000 МВт болса, жергілікті генерация қуаты 120 МВт шамасында.

«Жобамыздың басты мақсаты - өңірдің электр қуатына деген өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету. Станцияның негізгі артықшылықтарының бірі - жоғары маневрлік қабілеті. Бұл электр жүктемесінің өзгеруіне жедел жауап беруге және жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясы көлемінің ауытқуын теңгеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Станцияда бу-газ технологиясы қолданылады: газ турбиналары электр энергиясын өндіреді, ал олардан шығатын ыстық газдардың жылуы бу турбиналарына қажетті бу алу үшін пайдаланылады. Бүгінде сыртқы газбен жабдықтау жұмыстары, сумен қамтамасыз етуге арналған ұңғымаларды бұрғылау және кірме автомобиль жолының құрылысы толық аяқталды.

Кернеуі 220 және 500 кВ электр беру желілерін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Электр станциясы пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 600 жұмыс орнын ашу, сондай-ақ Siemens Energy және KEPCO компанияларымен бірлесіп, «Түркістан БГҚ» базасында энергетика мамандарын даярлау орталығын құру жоспарланған.
Айта кетейік, сессияда сарапшылар 2050 жылға дейін газ, көмір және жаңартылатын энергия көздері негізіндегі генерацияны дамыту, электр желілерін кеңейту және инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: