Главная Новости Сіз "Замандас" клубы туралы білесіз бе?
21 қазан 2019, 13:58 2403

Сіз "Замандас" клубы туралы білесіз бе?

Сіз "Замандас" клубы туралы білесіз бе?

Тұрмыстың тауқыметі еңсені зілдей басып, қабағындағы кірбіңді жаза алмай келе жатып есік сыртындағы «Сен бүгін күлдің бе?» деген жазу мен смайликті көріп, еріксіз жымиды.

Көпбалалы ана Айкүміс Сазанбаева Нұр-Сұлтан қаласының Өнеркәсіп кентінде бертінде ашылған «Замандас» отбасылық аула клубына алғаш келген сәтін осылай еске алады. Бүгінде 20 мыңнан астам тұрғынының басым бөлігінің табысы төмен елдімекендегі кітапханада орналасқан клубқа Айкүмістің бірден үш баласы барады екен. Бізбен кездескенде тағы бір балапаны, кенжесі анасының жанында асыр салумен болды.

«Бұл жерге осы жылдың көктемінен тұрақты және үзбей келіп жүрміз. Екі үлкен қызымыз тоғызқұмалақ пен шахматқа, сондай-ақ ағылшын тілінен сабаққа қатысса, ұлым футболды жақсы көреді. «Жақсы көреді» дегенім жай ғой, бәрі үйірмелеріне асығып, демалыс күндері ерте тұрып алады. Жаз мезгілінде де әкелері жұмыстан мұршасы болмай, балалар уақыттарын осында өткізді», - деп әңгімелеген ол клубтың психолог Саягүл апайы ана мен бала тақырыбында түрлі тренингтер өткізіп, ақыл-кеңесін беретінін айтады. Бүлдіршіндердің салған суретіне қарап, олардың қандай ортада тәрбиеленуіне байланысты отбасылық жағдайды да бағамдап отырады екен.

«Психолог маман жеке шақырып, «Мынаған көбірек көңіл бөліңіз, мына мәселемен ден қойып айналысыңыз» деп ескерту жасайды. Келесі жолы тағы тексеріп, қорытындысын жеткізеді», - дейді сұхбаттасушымыз.

Ағылшын тілі, шахмат пен тоғызқұмалаққа бірдей үлгеруге тырысатын Аруна Шынарбек балалық шағынан білімін дамытуға ниетті. Шахматтың арқасында мектепте математикадан Олимпиадаларда ұдайы бақ сынауда. Жеткіншек өскенде дәрігер болып, адамдардың денсаулығын қорғаймын дейді.   

Арунамен сөйлесіп жатқанымызда қоршап алған бір топ ұл бала қазірден футболдан әлем чемпионатына дайындыққа кіріскендерін жамырай жеткізді. Шарықтаған бала қиялы орындалсын деп тіледік!

Клубтағы мұғалімдер қауымы ортақ жұмыс арқылы балалардың бойында оң өзгерістің болатынына нық сенімде. Мысалы шахмат ойнап үйренген оқушылардың оқу үлгерімі 30-40 пайызға жоғарылап, мінез-құлқы түзелген. Ал ағылшын тілі ойын түрінде өтетіндіктен, балалар сабақ уақытының қалай жылдам өткенін аңғармай, келесісін тағатсыздана тосады екен. Тұрмысы нашар жанұялардың балаларына халықаралық тілдің табысқа жету кілті екені түсіндірілуде.

Игілікті істі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен қолға алған «Замандас 21» қоғамдық қорының басшысы Ләззат Алшынова түпкі мақсат балаларға тұтас, тату отбасы бақытын сездіру екенін меңзейді. Осы орайда балалардың бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізу орнында аз қамтылған шаңырақтарға, жас жұптарға ерекше назар аударылуда. Ұстаным – баршаға тең мүмкіндікті қамтамасыз ету.

«Өзім ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарғандықтан, өмірдің қиындығын көп көрген балалардың қандай да бір жетістікке жетуге қатты тырмысатынын білемін. Бұл тұста отбасылық аула клубтарының үлесі теңізге қосылған тамшыдай болатын шығар, бірақ әркім жақсылыққа ұмтылса, қоғамның да тез өркендейтіні даусыз. Халық арасында «Силикатный» аталып кеткен Өнеркәсіп ауданының балалары бұған дейін елорданың қай бұрышында біздің клуб болса, соны іздеп жүріп тауып алатын. Содан «Самұрық-Қазына» қорының демеуімен әзірге кітапхана ғимаратынан бірнеше үйірме ашуды ұйғардық. Осылайша ақыры ұзақ жылғы арманым іске асты. Жүз балаға жоспарлаған едік, қазірдің өзінде 160-тан асып кетті. Samruk-Kazyna Trust құрал-жабдық жағынан қарасуда, әкімдік тек коммуналдық ақысын төлеп отыратындай ғимаратпен қамтамасыз етсе әлі де кеңейер едік», - деп әңгіме өрбіткен Ләззат ендігі сәтте бас қаланың әлеуметтік түйткілдері баршылық «Өндіріс (Лесозавод)» аймағына бет бұрғандарын жеткізді.  

Қор жетекшісі талай ата-ананың алғысын естігендерін, бұл әрі қарайғы белестерді бағындыруға күш сыйлайтынын келтіреді. Өйткені астанадағы тегін қызмет көрсететін 5 клуб қабырғасында 2200-ден астам балалардан тыс, ересектерге де саналуан семинар-тренингтер, шарапатты шаралар ұйымдастырылуда. Тіпті осында оқыған кейбір бастамашыл ата-аналар өздері басқаға көмектесуге көшіпті.  

«Самұрық-Қазына» қоры тарапымен бірлескен іс-қимылдың нәтижесі сол, бізбен тәжірибе алмасқысы келетіндердің қатары көбейді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда да бақыт аймағына келгенін ескертіп, балаларға сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарауды талап етемін. Балаларды алдай алмайсың, егер бұл жерде жаман болса, қайта келуден азар да безер болып қашушы еді», - дейді «Замандас 21» қоғамдық қорының жетекшісі.

Бүгінгі таңда «Замандас» клубтарында арт-терапия, хореография, шахмат, сәндік-қолданбалы өнер, авиамодельдеу, театр өнері, каратэ, музыка, жекпе-жек, брейк, вокал, сөз сөйлеуді дамыту, тоғызқұмалақ, робототехника, «Денсаулығың мықты болсын!», «Бақытты отбасы», қазақ және ағылшын тілдері курстары сияқты барлығы 20-дан артық үйірме жұмыс істеуде. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен серіктестік аясында белгілі спортшылармен кездесулер, шеберлік сабақтары балаларды биіктерге ынталандыруда. Дүбірлі додаларды ақысыз негізде тамашалау бұйырған әкелердің балаларымен бірге спортпен шұғылдануға құлшынысы оянған. Таяуда, клубтың атынан жекпе-жек өнерінен қалалық жарысқа қатысқан балалар, алтын жүлделерді түгел жеңіп алған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: