Главная Новости Құлсары қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ қаражатына салынған жаңа оңалту орталығында 146 бала ем алып жатыр
17 февраля 2025, 12:00 1796

Құлсары қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ қаражатына салынған жаңа оңалту орталығында 146 бала ем алып жатыр

Құлсары қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ қаражатына салынған жаңа оңалту орталығында 146 бала ем алып жатыр

2024 жылы Атырау облысы Жылыой ауданында бірегей оңалту орталығы ашылған болатын. Бұл мекеме дамуында ерекшелігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда 146 бала ем алып жатыр. Арнайы жабдықталған 15 кабинетте логопед, дефектолог, психолог, олигофренопедагог, массажист және емдік дене шынықтыру нұсқаушысы балалармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, ерекше балаларды оқытуда жақсы нәтиже көрсетіп, өз тиімділігін дәлелдеген Монтессори әдістемесі бойынша сабақ өтетін кабинет бар.

- Орталықта балалардың логикасын, күшін және тапқырлығын дамытуға көмектесетін скалодром, ойын залы және аулада көпфункционалды ойын алаңы бар. Орталық жаңа туған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдай алады. Бірақ қазіргі келушілер – 7-8 жасқа дейінгі балалар, – дейді №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті директорының міндетін атқарушы Эльмира Гилманова.
- Балаларым Айсұлтан мен Бейбарыстың дамуында тежелуі бар. Бізді қуантатыны, қазір ем оң нәтиже беріп жатыр. Ұлдарымыз өз есіміне жауап беріп, дыбыстарға қарап, жан-жағына қызығушылық білдіретін деңгейге жетіп келеді. Педагогтер мен дәрігерлердің еңбегі зор, ризашылығымызды білдіреміз. Мұндай орталықтар қажетті қолдау көрсете отырып, балалардың дамуы мен емінде маңызды рөл атқарады, - дейді Сана Асқарова.   

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: