Главная Новости «Күміс» дисконттық картасы сатыла бастады
16 маусым 2022, 09:46 1064

«Күміс» дисконттық картасы сатыла бастады

«Күміс» дисконттық картасы сатыла бастады

15 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік маңызы бар бағыттарға (2022 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша 38 маршрут) пойызбен жиі саяхаттайтын жолаушылар жаңа «Күміс» дисконттық картасымен билет құнының 25% үнемдей алады.

«Күміс» дисконттық картасының құны – 7999 теңге. Оның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл. Дисконттық картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Ол дербес болып табылады және 16 жастан асқан жолаушыларға арналған. Билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады.

Жоба пилоттық болғандықтан, карталар саны шектеулі.

Жол жүру құжаты (билет) тек бір жеңілдік тарифтік шарты бойынша сатылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды. Барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады.

Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және «жеңілдіктер» немесе «төмен бағалар» санатын дұрыс таңдауды сұраймыз.

Сондай-ақ, «Алтын», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконт карталары да бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: